Демалыс күндері Қазақстанда 40 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 3-5 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстігінде күн суытып, оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Алматы, NEGE. Алдағы күндері Қазақстан Республикасының батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында күн суытады.

Елдің оңтүстік жартысында күн райы ыстық болады.  

- Батыста түнде 10... 18-ден 8... 16°С-қа дейін, күндіз 23... 31-ден 17... 25°С-қа дейін,

- солтүстік-батыста түнде 15... 23-тен 10... 18°С, күндіз 27... 35-тен 21... 28°С,

- республиканың солтүстігінде түнде 15... 23-тен 8... 16 °С-қа дейін, күндіз 25... 35-тен 17... 25°С-қа дейін,

- республика орталығында түнде 10... 22°С, күндіз 30... 38°С,

- Республиканың шығысында ауа температурасы түнде 4... 15-тен 10... 18°С, күндіз 22... 27-ден 30... 38°С-қа дейін көтеріледі. ,

- республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізгі фон температурасы түнде 15... 25°С, күндіз 30... 40°С.