Демалыс күндері карантин қайтадан күшейтіледі

Қазақстанда демалыс күндері карантин шаралары күшейтіліп, бірқатар нысан жұмысын қайта тоқтатады.

Алматы, NEGE. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына сәйкес 17 тамыздан бастап елімізде карантин шаралары жеңілдетіліп, бірақатар кәсіпкерлік нысанның жұмысына қайта рұқсат берілді. Алайда, карантиндік шектеулер демалыс күндері сақталады.

Осыған орай, 22 және 23 тамыз күндері сақталатын шектеулерді еске саламыз:

- қоғамдық көліктің қозғалысына;

- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына;

- сауда, ойын-сауық орталықтары (ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда), сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмысына;

- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының жұмысына;

- сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмысына;

- фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтар, қоғамдық моншалар, сауналардың жұмысына;

- балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысына; - ашық ауада аттракциондардың жұмысына тыйым салынады.

Қазір оқып жатыр

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады