Демалыс күндері қандай нысандар жабық?

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, демалыс күндері көптеген нысандардың жұмысына тыйым салынады.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын, 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу қала береді.

Ал сауда-ойын-сауық орталықтары ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады.

Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары жұмысы істемейді.

Сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмысы да тоқтайды. Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, қоғамдық моншалар, сауналар жабылады.

Балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысы, ашық ауада аттракциондардың жұмысы тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған