Демалыс күндері автобус жүре ме?

Алдағы жексенбіде елорданың автобустары мен автопарктерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Алматы, NEGE. «Жексенбі, 30 тамызда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтайды. Дүйсенбі, яғни 31 тамыздан бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді», - деп хабарлады CTS. Естеріңізге сала кетейік, елордадағы автобустар бүгіннен бастап рейстерге жаңа кесте бойынша шыға бастады. Қаладағы қоғамдық көлік енді 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Жолаушылар санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауы қажет. Салонға маскасыз кіруге тыйым салынады.

Қазір оқып жатыр

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Мұнай тағы да күрт қымбаттады

Туризм министрлігі күтіп алмаған америкалық блогерді Баян Алагөзова қонақ етті

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған