Демалыс күндері ауа райы 25 градусқа дейін жылынады

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арнап ауа рай

ы болжамын жасады.

Аcтана, NEGE. «Алдағы демалыс күндері, батыстан Атлантикалық циклон ауыса бастайды. Бұл негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның өтуіне және елдің батысы мен солтүстігінде желдің күшеюіне әкеледі. Ал республиканың қалған бөлігінде көтеріңкі қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген болжамда.

Сондай-ақ, Ираннан жылы ауа массалары келеді. Соның салдарынан Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтерілмек.

«Батыста 15 23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында 8 18 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде 17 25 градусқа дейін жететін болады», – дейді «Қазгидромет» РМК.