Демалыс күндері ауа температурасы төмендейді

Қазгидромет 14-16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. «Салқын Атлантикалық антициклон, Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырады. Енді оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде температураның төмендеуіне алып келеді. Оңтүстікте термометрлер күндіз 22-30 градус, оңтүстік-шығыста 17-25 градус жылы болады. Ал шығыста 15-25 градус жылы болады. Бірақ солтүстік аймақтар аздап жылынуды күтуде. Мұнда температура 23-28 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның батыс жартысына ғана, Иран аудандарынан келетін жылы және құрғақ ауа массалары, жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды және температураның негізгі аясын 32-40 градус аралығында болады»- делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Таиландта дүниеге келген нәресте мен анасы санавиациямен Алматыға жеткізілді

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ