Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидидромет алдағы жемалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігіндегі ауа райының құбылмалы сипаты атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады. Жауын-шашын, солтүстікте қар, республиканың қалған бөлігінде аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

20 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауатыны болжанды. Оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады.

Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта бұрқасын күшейеді. Ауа температурасы түнде солтүстік-батыс және солтүстікте 15-23 аязға дейін, шығыста 12-20 аязға дейін төмендейді.