9 сентября 2022 г. 12:54

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото:

“Қазгидромет” Қазақстан бойынша 10-12 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде күн суытып, басым бөлігінде жауын жауады.

Алматы, NEGE. Скандинавия түбегінің ауданынан жылжыған антициклон Қазақстан аумағына ауыса отырып, күздің суық ауа райын қамтамасыз етеді. 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашын түсуі мұмкін. Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, желдің күшеюі және бұршақ жаууы ықтимал. 

10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Тегтер: