Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен республиканың барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, NEGE. Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз батыста 30 38°С, оңтүстік-батыста 30 41°с, солтүстік-батыста 22 33°С, солтүстікте, орталықта 22 30°С, шығыста ауа температурасы 17 25°С-тан 23 31°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста 20 29°С-тан 23 32°С-қа дейін жоғарылауы болжанады, елдің оңтүстігінде ауа температурасы 27 35°С күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.