Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

'Қазгидромет' РМК 19-21 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Апта соңында, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Алайда, 20 наурызда солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарға жаңа жер аудандарынан циклон шұңқыры әсер ете бастайды.

“20 наурызда солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарға Жаңа Жер аудандарынан келетін циклон әсер ете бастайды. Циклон біртіндеп оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады. 21 наурызда республиканың басқа да бөлігін қамтиды. Сондықтан ауа температурасы көтеріліп, ауа райы нашарлауы мүмкін. Қар жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран болып, жел күшейеді", - делінген хабарламада.