Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 6-8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Демалыс күндері антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.  

Тек қана 7-8 қарашада солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның батыс өңірінде жаңбыр мен қар жауады.  

Батыста ауа температурасы түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 5-15 жылы, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық пен шығыста ауа температурасы түнде 3-11 жылы, 1-8 жылы, еліміздің оңтүстігінде түнде 1-10 жылы, күндіз 3-12 жылы, оңтүстік-шығыста түнде 5-15 жылы, күндіз 3-8 градус жылы болады.