Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 19-21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Кезең ішінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, екпінді жел соғады, орталықта, елдің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың батыс өңірлері ғана антициклон жотасының ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында түнгі сағаттарда температура 5-13-ке дейін, күндіз 12-20-ға дейін күрт төмендеуі мүмкін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-18-ге дейін, күндіз 18-27-ге дейін жылынады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті