Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері Қазақстанда күн жылы болады. "Қазгидромет" синоптиктері 24-26 сәуірге арналған ауа райы болжамын дайындады.

Алматы, NEGE.  Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Атлантикалық циклонның жақындауымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі.

"Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл тұрады, сондай-ақ кей жерлерде жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауады, батыс өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 21 сәуірде Қазақстанның оңтүстігінде қар жауды.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды