Демалыс күндері Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

21-22 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 65 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Алматы, NEGE. Жәрмеңкеде 40-тан астам: ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және тағы басқа да өнім сатылады.

Өнімнің жалпы көлемі – 200 тонна, оның ішінде ет – 35 тонна, жеміс, көкөніс – 120 тонна, сүт – 15 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері – 25 тонна.
Жәрмеңке Шевченко көшесіндегі "Шоқан Уәлиханов" алаңында Қонаев көшесі мен Пушкин көшесі арасында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады