Демалыс күндері 42 градус ыстық болуы мүмкін

Қазгидромет Қазақстандағы 2020 жылғы 18-20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы,  NEGE. Оңтүстік циклонның шығуы Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыздығына себепші болады.

Кей жерлерде күн күркірейді. Екпінді желмен өткінші жаңбыр жауып, бұршақтың түсуі ықтимал. Бірақ күн 30…38 градус ыстық болады, оңтүстікте және батыста кей жерлерде 42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде шаңды дауылмен бірге жел күшейеді.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған