16 сентября 2022 г. 14:19

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы айтылды

Фото:

Синоптиктер 17-19 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Түнде 5 градусқа дейін аяз сақталады.

- Күндізгі ауа температурасына келсек, термометрлер республика бойынша біртіндеп 20-30 градусқа дейін, республиканың шеткі оңтүстігінде 35 градусқа дейін, тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және орталығында 15-25 градусқа дейін жылы болады, - деді "Қазгидромет" РМК.

Тегтер: