Демалыс күндері 37 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. Алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонның өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай мен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

10 мамырда солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 10-11 мамырда шығысында, мамырда Қазақстанның батысында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстік өңірлерінде шаңды дауылмен желдің күшеюі болжануда.

Елдің солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 6-16-дан 10-20-ға дейін, күндіз 18-26-дан 20-35-ке дейін, солтүстігінде түнде 10-17-ден 5-13-ке дейін, күндіз 17-27-ден 13-23-ке дейін, республиканың оңтүстігінде түнде 12-20-ға дейін, күндіз 24-32-ден 28-37-ге дейін көтерілуі күтілуде. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі