Демалыс күндері 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алдағы үш тәулікте елдің басым бөлігінде ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Оларға байланысты жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал. 20 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Республиканың көптеген өңірлерінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.

Ауа температурасының айтарлықтай өзгерістері мен ауытқулары күтілмейді, дегенмен республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты