«Дельта» әлемнің 100-ге жуық елінде тіркелді

Коронавирустың алғаш рет Үндістан елінде анықталған штамм әлемнің 100-ге жуық елінде тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас хатшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлім етті.

Алматы, NEGE. Бас хатшы «Дельта» штамы әлемнің кем дегенде 98 елінде тіркелгенін ескертті. Оның айтуынша, бұл штамм вакциналау деңгейі төмен не жоғары болсын – барлық елдерде жылдам таралып отыр.

«Дельта» штамы өте қауіпті, ол тез таралып, мутацияланады», – деп мәлім етті Гебрейесус.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?