ДДҰ: Коронавирус төңірегінде мәселелер бар

ДДҰ тестілеудің қысқаруына байланысты коронавирус мутациясын бағалауда қиындықтар туындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Алматы, NEGE. «Соңғы аптада COVID-19 оқиғаларының саны ДДҰ-ның алты аймағының төртеуінде күрт өсті», - дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс.

Осы орайда, коронавирустың мутациялануын бағалаудағы қиындық туралы айтты.

«Тестілеу мен жүйеліліктің төмендеуіне байланысты көптеген елдерде вирустың қайда және қалай өзгеретінін анықтау қиынға соғады», - деді ол.

ВАК таратқан мәліметке сәйкес, ол КХДР мен Эритрея мемлекетінде вакцинация науқаны басталмағанына алаңдаушылық білдірген.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін