ДДҰ әлемдегі коронавирус жағдайына баға берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі коронавирус жағдайына баға берді. ДДҰ мәліметінше, әлемде коронавирус инфекциясының жаңа жағдайлары мен COVID-19 құрбандарының саны азайып келеді.

Алматы, NEGE. Әлемде тіркелген жаңа жағдайлар саны алтыншы апта қатарынан төмендеп келеді: өткен аптада 2,4 миллион жаңа жағдай тіркелді, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 11 пайызға аз. Соңғы үш аптада өлім саны да төмендеп жатыр: өткен аптада 66 мыңға жуық адам көз жұмды, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 20 пайызға аз.

Алайда ДДҰ мәліметінше, коронавирустың жаңа штамдары тарауын тоқтатар емес. Мысалы, "ұлыбританиялық" штамм 101 елде анықталды (алдыңғы аптаға қарағанда жеті елге көп), "Оңтүстік Африка" штамы - 51 елде ( бес ел), ал "бразилиялық" штамм - 29 ( сегіз ел).

Ұйым мәліметіне сәйкес, әлемде 15-21 ақпан аралығында бір апта ішінде 2 457 026 жаңа жағдай және 66 359 өлім тіркелген.

Еске салайық, Қазақстанда кейінгі тәулікте 753 адам коронавирус жұқтырды. Жалпы елде 209 562 жағдай расталған.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты