ДДҰ: Газада 15,6 мыңнан астам науқас эвакуацияға мұқтаж

Газа секторында 15 600-ден астам адам, соның ішінде 3 800 бала мамандандырылған медициналық көмек алу үшін шұғыл эвакуацияға мұқтаж. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус АҚШ-тағы X әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады Анадолу.

eadaily.com/ru

Алматы, NEGE. ДДҰ басшысы хал үстінде жатқан науқастарды эвакуациялауға қолдау көрсеткені үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне алғыс білдірді.

– «Газада 15 600-ден астам науқас, оның ішінде 3 800 бала әлі де арнайы медициналық көмекке мұқтаж. Біз эвакуацияны кеңейтіп, өмірлік маңызы бар көмекке қолжетімділікті арттыруға шақырамыз», – деп жазды ол.

Сонымен бірге Тедрос Гебрейесус қақтығыс аймағында атысты тоқтатуға тағы да үндеу жасады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?