ДДСҰ Вашингтонның ұсынысын қолдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АҚШ-тың вакцинаға патентті уақытша тоқтату туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлады «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус бұл індеттің таралуына тезірек тосқауыл қоюға көмектесетінін айтады және екпелерді шығаруды ұлғайтып, олардың әлем елдеріне әділ бөлінуіне септігін тигізеді деп отыр.

Еске сала кетейік, кеше АҚШ-тың сауда өкілі Кэтрин Тай мәлімдеме жасап, вакцинаға патенттен уақытша бас тартуды ұсынған еді. Вашингтон мәселе бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізуге ниетті.

Қазір оқып жатыр

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады