ДДСҰ: Тәжікстанда коронавирус тіркелген жоқ

Сенбі күні Тәжікстан астанасы Душанбеде футболдан Суперкубок ойыны өтті. Бұл елде коронавирус жоқ. Бірақ сақтық үшін ойынға жанкүйерлер келмеген.

Алматы, NEGE. Сөйтіп трибуна бос тұрды. Ал алаңға шыққан «Истиклол» және «Худжанд» командаларының ойыны 2:1 есебімен аяқталды. Ал бүгін футболдан ел чемпионаты басталады, оны көрермендер теледидар арқылы тамашалайды. Тәжікстанда әлі бірде бір жанның індет жұқтырмағанын бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растаған болатын. 

«Истиклол» ФК бас жаттықтырушысы Виталий Левченко: "Қарсыластарға көрермендердің жоқтығы аса қатты әсер етпеген секілді. Олар ойынның екінші жартысын қорғанумен өткізді. Ал бұл үшін жанкүйерлер қажет емес. Ал мына бізге жанкүйерлердің эмоционалды күші жетіспеді. Дегенмен жақын арада олармен жүздесеміз деп ойлаймын. Өйткені Тәжікстанда коронавирус жоқ. Сондықтан мамыр айында жанкүйерлер стадионға келіп, бізбен бірге қуанады деп сенеміз" деді.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды