ДДСҰ: Пандемия ұзақтығы екі жылдан әрі аспайды

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус коронавирус пандемиясы екі жылдан да аз уақыт ішінде аяқталатынына сенім білдіреді.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, 1918 жылы әлемді жайлаған испан тұмауы екі жылдан кейін саябырлай бастаған. Сонымен қатар індеттің таралуына вакцина ғана тосқауыл бола алады деп отыр. Айта кетейік, таяуда Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы «Ковид-19-дың» мутацияға ұшырауын анықтайтын арнайы жұмыс тобын құрды. Ондағы ғалымдар өз жұмысын бастап кетті.

ДДСҰ сарапшысы Мария Ван Керкхове: «Инфекцияның жас ерекшелігіне байланысты таралуын анықтайтын зерттеулер жүргізілді. Мысалы, 5 пен 10 жасқа дейін және жеткіншектер мен орта жастағы адамдар тексерілді. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Нәтижесінде вирус адамдардың жас ерекшелігіне байланысты әр түрлі таралатын көрінеді» деді.

Қазір оқып жатыр

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты