ДДСҰ: Пандемия кезінде сабақты тоқтатпау керек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерінің үкіметтерін пандемия кезінде мектептерді жаппауға шақырды.

Алматы, NEGE. Ұйымның Еуропалық бюросының басшысы Ганс Клюге былтырғы шектеулерден миллиондаған бала көбірек психикалық және әлеуметтік зиян шеккенін айтады. Ол биылғы қыста өткен қателіктерді қайталамауымыз керек деп қазірден ескертіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індет қатты таралғанның өзінде мектептерді жапқанның орнына, арақашықтық ұстану, қолды жиі жуу, бетперде кию, сыныптарды желдету сияқты санитарлық талаптарды сақтау анағұрлым пайдалы деп есептейді.
 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды