ДДСҰ: Пандемия әлі аяқталмайды

Коронавирус пандемиясы балаларға медициналық қызмет көрсетуге, атап айтқанда, оларды басқа ауруға қарсы егуге кедергі жасайды. Бұл туралы Женевадағы баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді

.

Алматы, NEGE. Бірқатар дамушы елдерде полиомиелитке қарсы егу тоқтатылды. «Сондай-ақ балаларға арналған екпелер мен басқа да ауруларға қарсы бағдарламалар қысқарды», - деп атап өтті ол. Батыс Еуропада карантиндік режимнің әлсіреуіне қарамастан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы адамзатты абай болуға шақырады. ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус: "Еуропада шектеу шаралары азайғандықтан, біз елдерді барлық науқастарды анықтап, оларды оқшаулауға және тестілеуге, барлық деректерді өңдеуге, сондай-ақ індеттің таралуын әлі де төмендету үшін әрбір байланысты қадағалауға шақырамыз. Пандемия әлі аяқталмайды" деді.

ДДСҰ Африкада, Шығыс Еуропада, Латын Америкасында және кейбір Азия елдерінде COVID-19 инфекциясының өсуіне әлі де алаңдаулы. ТЖ жөніндегі ддұ бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан: "Карантиндік шараларды жеңілдету кезінде мынаны ескеріңіздер: егер шектеулер тым ерте алынып тасталса, карантинді қайта жариялауға тура келеді. Бұл тағы да пандемияның экономикалық салдарларына әсер ететін болады" деді.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?