ДДСҰ омикронның жаңа түрі тарап жатқанын мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африканың бірнеше елінде омикрон штамының жаңа түрі табылғанын хабарлады.

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының африкалық аға вирусологы Никси Гумеде-Моэлетси "жасырын омикрон" деп аталатын омикрон штамының жаңа түрі Африканың 5 елінде тіркелгенін, оны қолданыстағы сынақтарды қолдану арқылы анықтау өте қиын екенін айтты.

"Омикронның BA.2 деп аталатын жаңа кіші түрі континенттің Ботсвана, Кения, Малави, Сенегал және Оңтүстік Африка секілді 5 елінде анықталды. Бұл бізді қатты алаңдатады", - деді вирусолог.

Ол қолда бар сынақтар коронавирустың жаңа штамын анықтай алмайтынын, соған байланысты ДДСҰ дүниежүзіндегі бірнеше зертханалармен жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр