ДДСҰ: «Омикрон» көп елде таралуы мүмкін

Коронавирустың «омикрон» штамы әлемнің көп елінде таралуы мүмкін.

Алматы, NEGE. Бірақ бұл туралы ресми түрде ашық айтылып жатқан жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Женевада өткізген баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Тедрос Адханом Гебрейесус айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша «омикрон» 70 елде ресми анықталған.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус: «Омикрон» өте тез өршіп барады. Бұған дейін ешбір штамм мұндай жоғары жылдамдықпен таралмаған еді. Адамдар омикронды әлсіз деп, оған тиісті деңгейде мән бермей отыр. Вакцинадан басқа да барлық сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн», – деді. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды