ДДСҰ: Мариупольға дәрі-дәрмек жеткізілмеді

ДДСҰ Украинаға салмағы 150 тонна медициналық құрал-жабдық жөнелтті.

Алматы, NEGE. Жүкті Львов қаласына жеткізу ісі жөнге келді. Алайда елдің өзге де аймақтарына көмек жіберу мүмкін емес. Мариуполь қаласына апаратын гуманитарлық дәліз әлі де қауіпті.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

– Қарулы қақтығыс басталғалы 64 медициналық ғимаратқа шабуыл жасалды. Денсаулық сақтау мекемелері мен көліктері шабуылдың нысанына айналмауы тиіс. Оларға оқ атуды дереу доғару керек.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді