ДДСҰ: маймыл шешегіне 780 адам шалдықты

Мамыр айынан бері әлемнің 27 елінде тіркелген маймыл шешегін 780-нен астам адам жұқтырған.

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, инфекцияның таралуына қатысты эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр. Мамандар маймыл шешегін бірден анықтау қиынға түседі дейді. Айта кетейік, маймыл шешегі Орталық және Батыс Африка елдерінде сирек кездесетін вирусты ауру болып саналады. Онда дерт әдетте маймылдар мен кеміргіш жануарлар арқылы жұғатын. Ал жыл басынан бері Африканың 5 елінде аталған аурудан 70-ке жуық адам көз жұмды. Вирус, әсіресе, Нигерия, Конго, Либерия мен Сьерра-Леонеде жиі тіркелген. Енді науқастардың басым бөлігі Ұлыбритания, Испания, Португалия, Канада мен Германияда да анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ