ДДСҰ коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін екенін ескертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Еуропа елдері шекарасын ашып жатыр, ал Қытай астанасында коронавирус тіркелген бірқатар аудан жабылды. Әлемде COVID-19 вирусын сегіз миллионнан астам адам жұқтырғаны анықталған, 436 мың адам қайтыс болған. Гебрейесустің мәлімдеуінше, бір тәулікте 100 мың адам вирус жұқтырғаны анықтала бастады. Вирус Азия мен Америкада кең тарап барады.

16 маусымда Қытай тұрғындарды жаппай тексеруді қайтадан қолға алды, Пекинде бірнеше аудан карантинге жабылды. Қытай астанасында елу күннен бері вирус тіркелмеген еді. Қытай билігі індеттің екінші толқынынан қауіптеніп отыр. Өткен жылы қытай билігі әлемдегі ең қатаң карантин қолдану арқылы қатерлі індеттің бетін қайтарған. 15 маусымда Еуропада көптеген ел үш айға созылған карантиннен соң шекарасын ашты.

Қазір оқып жатыр

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді