ДДСҰ: Коронавирустың жаңа штамы өршіп барады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы дабыл қақты.

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы коронавирустың EG.5 D-19 штамы өршіп келе жатқанын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Кеше Женевада сөз сөйлеген ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейсус солтүстік жарты шарда қыс мезгілі алдында «алаңдайтын үрдістер» байқалып отырғанын айтты.

Оның айтуынша, Таяу Шығыс пен Азияда өлім-жітім артып келеді, ал Еуропада коронавирустың осы нұсқасын жұқтырып, қарқынды терапия бөліміне түскен науқастар саны өсіп, бірқатар аймақта ауруханаға түскендер саны көбейген.

Ұйымның COVID-19 вирусымен күрес жүргізу жөніндегі техникалық жетекшісі Мария Ван Керкхове «бұл нұсқа айналымдағы басқа штамдарды ығыстырмайтынын» және бұл жағдай ұйымды қатты алаңдатып отырғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды