ДДСҰ: коронавирустың клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар аса қауіпті емес

Коронавирустың клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылардан басқа адамдарға жұғуы өте сирек кездеседі. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жөніндегі техникалық менеджері Мария Ван Керкхове айтты, деп хабарлады gazeta.ru.

Алматы, NEGE. «Біздің деректерімізге сүйенсек, ауру белгілері жоқ тасымалдаушының инфекцияны басқа біреуге жұқтыруы екіталай. Ондай жағдайлар өте сирек кездеседі», - деді ол. Алайда ол COVID-19-дың жеңіл түрі мен ауру белгілері енді пайда болып келе жатқан науқастарды ауру белгілері жоқ науқастар қатарына қателесіп қосып қою жағдайлары жиі кездесетінін де айтып өтті. Айтуынша, коронавирустың белгілері жоқ тасымалдаушыларда аурудың барлық кезеңінде ешқандай симптомдар болмайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр