ДДСҰ: коронавирус қайта жұғуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты қайта жұқтыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ұйым өкілдері Гонконгтағы оқиғаға қатысты осындай түсініктеме берді.

 Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетсек, жуырда арнайы әкімшілік ауданда ер адамның індетті қайта жұқтыру дерегі расталған. 33 жастағы тұрғын сәуірде ауруханадан құлан таза айығып шыққан. Жуырда ол Испанияға барып келгеннен кейін әуежайда міндетті тексеруден өткенде тест оң нәтиже көрсеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бұған дейін де әлемнің түрлі елдерінде қайта жұқтыру туралы ақпарат келіп түскенін айтады. Алайда, олар бірлі-жарым оқиға болған. 23 миллионға шаққанда небәрі бір деректен ғана келеді екен.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты