ДДСҰ қазақстандықтарға ескерту жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандықтарға да, әлі де болса босаңсымау қажеттігін ескертеді.

Алматы, NEGE. Карантин жеңілдегенімен індеттің алдын алу шараларына бей-жай қарамауға міндеттіміз. Ұйымның COVID-19 бойынша техникалық сарапшысы Виталий Стецик құзырлы органдар бекіткен санитарлық талаптарды орындап, бетперде кию, санитайзер қолданып жүру керектігін ескертеді.

Виталий Стецик, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының техникалық сарапшысы:

- Барлық елде карантиндік шаралар жеңілдетіліп жатқанымен осыған дейін нәтижелі болып келген талаптарды орындамау дұрыс емес. Тиімді вакцинаның шыққанын күтіп отырмыз. Соған қарамастан инфекциядан қорғану жолдарын ұмытпау керек.