ДДСҰ: Дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық қауымдастықты індет кезінде дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Алматы, NEGE. Ұйымның мәліметінше, өзгелермен салыстырғанда медициналық қызметкерлер коронавируспен жиі ауырады екен. Сондай-ақ олардың туыстарына да жұқтыру қаупі жоғары. Әлем бойынша індеттен мыңдаған медқызмкетер көз жұмды.     Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры: – Науқастарды емдеу үшін ең алдымен дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Пандемияға байланысты бәріміз денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің атқарып жүрген маңызды еңбегіне назар аудардық. Олар адам өмірін сақтап, аурудың азабын жеңілдетеді. Бүгінде коронавирусты жұқтырғандардың шамамен 14 проценті – медицина қызметкерлері. Кейбір елде бұл көрсеткіш 35 процентке жеткен.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды