ДДСҰ басшысы күзде болатын жаңа пандемияға дайындалуға шақырды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус күзде жаңа пандемияға дайындыққа шақырды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы ДДСҰ басшысы Женевада ұйымның Twitter -дегі ресми парақшасында жарияланған брифингте айтты.
"Келесі үш ай алдағы уақытта болатын пандемияға дайындықтың ең маңызды кезеңі болады", – деді Гебрейесус.
Гебрейесус барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды, қорғаныс маскаларын киюді және мүмкіндігінше COVID-19 вакцинасын алуды ұсынды.
"Ешқандай төте жол жоқ. ДДСҰ денсаулыққа дәлелденген әлеуметтік шаралар мен COVID-19-ға қарсы әділ вакцинациялауды қамтитын тәуекелге негізделген кешенді әдісті ұсынуды жалғастыруда", – деді ол.
Гебрейюс әлемде COVID-19 таралу деңгейі өте жоғары деңгейде тұрақтанғанын айтты.
"Әлемде күн сайын анықталатын жағдайлардың саны бойынша жағдай тұрақталды”, – дейді ол.