DAZN: Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі

ESPN Deportes тілшісі DAZN стриминг желісінің 2020 жылдың күзіне арналған жоспарын анықтады. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Алматы, NEGE. Платформаның жұмыс кестесінде Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) польшалық міндетті қарсылас Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы жекпе-жегі бар. DAZN кездесуді қарашада өткіземіз деп үміттеніп отыр. Головкин-Шеремета айқасы өтетін күн бірнеше рет ауысқан, әуелде жекпе-жек ақпанда болады деп жоспарланды, кейін наурыз, маусым және қазанда өтуі мүмкін деп болжанған. GGG поляк боксшысымен айқаста орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулын қорғайды. Боксшы Калифорния штатындағы Биг Беарда дайындалып жатса, Шеремета өз отанында жаттығуын жалғастырып жүр.

Қазір оқып жатыр

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады