Дайындық курстарын сатумен айналысқан алаяқ Албанияда ұсталды

Албания астанасы Тиранада Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 2023 жылы ер адам Алматы қаласында жеке мектеп ашып, жоғары оқу орындарына түсу үшін ақылы дайындық курстарын ұсыну арқылы 10 азаматты алдады. Жалпы шығын 10,5 млн теңге.

ІІМ алаяқтар оқыту курстарын жарнамалауда төмен баға, эксклюзивті оқыту әдістері мен үздік оқытушылар құрамын ұсынатынын еске салады.

Алаяқтық курстардың негізгі белгілері:

– лицензия мен ресми тіркеудің болмауы; 

– оқытушылар мен бағдарлама туралы ашық ақпарат жоқ; 

– келісімшартсыз толық төлемді талап ету; 

– тәуелсіз платформаларда ұсыным мен пікірлердің болмауы.


Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Бапи: Дүмше уағызшылар қоғамға қауіп төндіріп отыр

Заңгер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам сотталды