Давид Дегтярев V Азия Пара ойындарында жаңа рекорд орнатып, алтыннан алқа тақты

Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Туризм және спорт министрлігі

Астана, NEGE. Қазақстандық пара пауэрлифтинг спортшысы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі мүмкіндігін сәтті орындады, деп хабарлады Ұлттық паралимпиада комитеті. 

Давид Дегтяревтің үздік нәтижесі 191 келі болды. Осылайша қазақстандық спортшы өзінің жеке рекордын қайталап, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Айта кетейік, тағы бір жерлесіміз Тұрсынай Қабыл Жапонияда өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен Азия Пара ойындарының күміс медалін жеңіп алды. 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Тұрсынай алғашқы мүмкіндігінде 100 келі, екіншісінде 102 келі, үшіншісінде 104 келі көтеріп, екінші орынға ие болды.