Давид Дегтярев үш дүркін Әлем чемпионы атанды

14 қазанда пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Давид Дегтярев 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қосындысы бойынша 567 кг зілтемірді көтеріп, Әлем чемпионы атанды.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Ол үшінші талпынысында 191 кг көтеріп, Азия рекордын орнатты.

Сондай-ақ додада 50 кг дейінгі салмақта Фариза Толжан (285 кг) және 73 кг дейінгі салмақта Раушан Қойшибаева (330 кг) алтын медальға ие болды. Ал 88 кг дейінгі салмақта сынға түскен Рахметжан Хамаев үш тәсілдің қосындысы бойынша 592 кг нәтижемен күміс медаль еншіледі.

Айта кетейік, пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты 11-18 қазан аралығында Каирде (Мысыр) өтуде. Жарысқа 70 елден 550 спортшы қатысуда.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр