Дәурен Айдарқұлов үшінші жарының қандай болуы керек екенін айтты
Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов екінші мәрте ажырасып кеткен соң, белсенді түрде үшінші әйел іздеуге кіріскен.
Алматы, NEGE. Үшінші рет бағын сынап көргісі келетін Дәурен Айдарқұлов желіде арнайы хабарландыру жариялап қойған. Онда ол болашақ жары қандай болғанын қалайтынын нақты жазған.
"Мына аяқ киімнің иесін іздеймін. Ерекшеліктері: аяғының мөлшері 35-37, намаз оқиды, шашы хиджаб астында көрінбейді, мінезі жақсы, дәмді тамақ әзірлейді, жаңа айфондарды жақсы көрмейді" , - деп жазды актер өзінің Instagram парақшасында.