4 июля 2023 г. 9:11
Дәулет Тұрлыхановтың қашып кеткен ұлы ұсталды
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Алматы, NEGE. «2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б. орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді», – делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.