6 сентября 2023 г. 12:25

Дәулет Тұрлыханов екінші ұлының бойжеткенді ұрды деп айыпталуына қатысты пікір білдірді (видео)

Фото:

Дәулет Тұрлыханов екінші ұлының бойжеткенді ұрды деп айыпталып жатқаны туралы хабарға пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановқа журналистер екінші ұлына қатысты жағдай бойынша сұрақ қойды. 

«Әке-шеше ретінде кім баласын жаман болсын дейді. Әкежан ол ересек бала, өздері шешеді. Мұны қазір сіздерден естіп, маған оңай болып тұрған жоқ», - деді Тұрлыханов. 

«Ал өзіңіз әйел адамға қол көтеріп көрдіңіз бе?», - деген журналистің сауалына: «Тек боз кілемде күрестім», - деп жауап берді. 

Ол өзінің отставкаға кетуін уақыт көрсететінін айтты. 

Тегтер: