Дәулет Сембаев қайтыс болды

87 жасқа қараған шағында мемлекет және қоғам қайраткері, қаржыгер Дәулет Сембаев өмірден озды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Алматы, NEGE. Дәулет Сембаевтың қайтыс болғанын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі де растап отыр. 

Д.Сембаев 1935 жылы Алматы қаласында туған. Әр жылдары түрлі лауазымды қызметтер атқарды. Вице-премьер болды, Ұлттық банкті, Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясын басқарды.