Дәулет Ергеш жастар арасында еркін күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық палуан Дәулет Ергеш 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Алматы, NEGE. Испанияда өтіп жатқан додада отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол алдымен пуэрто-риколық балуанмен кездесіп, 10:0 есебімен айласын асырды.

Келесі кезеңдерде Украина мен Америкадан келген спортшыларға дес бермеді. Отандасымыздың ақтық сындағы қарсыласы грузиялық Владимир Гамкрелидзде болған.

Өкінішке орай, бұл кездесу 3-5 есебімен грузиннің пайдасына шешілді. Жастар арасындағы әлем чемпионаты Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды