Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасын толық өтеп шықты.

Видеодан кадр

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

«Ол сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтегеніне байланысты босатылды», – делінген хабарламада.

Еске салайық, Нұрасыл Болат адвокаттар Олег Чернов пен Анна Чернованы ұрып-соққаны үшін сотталған болатын.

Анна Дмитриевичтің сөзінше, ерлі-зайыпты кешкісін таксиге отырмақ болған. Сол сәтте оларға бір жас жігіт келіп, қыз баланы біреу аяусыз ұрып жатқанын айтып, көмек сұраған. Олар қызға араша түспек болғанда әлгі жігіт адвокаттарға тап беріп, оларды да соққыға жыққан. Кейін бұзақылық танытқан жігіт Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екені анықталды.

2023 жылдың қазан айында Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты Черновтардың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған бір миллион 700 мың теңге айыппұл салынды. 

Алайда заңгерлер түсірген апелляциялық шағымнан кейін Жоғарғы сот сот актілерін өзгертіп, Болатқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады, сондай-ақ өтемақы мөлшері де 1 млн теңгеге дейін өсті.

Кейін оның екі рет шартты жазаны өтеу тәртібін бұзғаны мәлім болды. Сот бас бостандығын шектеу мерзімінің қалған бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы үкім шығарды. Нәтижесінде ол 1 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын орташа режимдегі колонияда өтеді. 

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр