Дәулет Тұрлыханов тағы бір лауазымынан айырылды

Дәулет Тұрлыханов халықаралық күрес аренасындағы лауазымынынан айырылды. 

Мәжіліс

Алматы, NEGE. Тұрлыханов жуырда өткен UWW ASIA президенті сайлауындағы жеңілісінен кейін Біріккен күрес әлемі (UWW) бюросындағы орнын да жоғалтты.

2024 жылғы 24 наурызда Иорданияда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен Азия чемпионаты кезінде өткен сайлаудан кейін әлемдік күрес қауымдастығы басшылығы ауысты. Дауыс беруге 38 ұлттық федерацияның өкілдері қатысып, нәтижесінде UWW Азия күрес одағының жаңа президенті болып йорданиялық Мұхаммед Әл-Ауамала сайланды. Ол 34 дауыс жинаған. Оның өкілеті 2028 жылға дейін жалғасады.

Бұл қызметті 2017 жылдан бері екі мерзім қатарынан атқарып келген Дәулет Тұрлыханов өз орнын жаңа басшыға береді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті