Дәстүрлі емес діни ағымдағы материалдарды әлеуметтік желіде жариялаған қызылордалық тұрғын ұсталды

Дәстүрлі емес діни ағымдағы материалдарды жариялаған Қызылорда тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дәстүрлі емес діни ағымдағы материалдарды әлеуметтік желіде қауымдастық ашып, жариялаған деструктивті діни ағымды ұстанатын 62 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталды.

 Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды. Қызылорда қаласы мамандандырылған сотының 2024 жылғы 18 қаңтардағы үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?